• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Наурыз, 2023

Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді

284 рет
көрсетілді

1 наурыз күні сағат 00:20 шамасында республикалық маңызы бар Форт-Шевченко – Ақтау тас жолында кетіп бара жатқан Ford mondeo автокөлігін арнайы тексеру кезінде 150 келі көлемінде заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық Kazakh Osseter ЖШС мекемесіне жіберілген.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.