• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 02 Наурыз, 2023

Дауыс беруге барасыз ба?: «Қоғамдық пікір» институты сауалнама өткізді

444 рет
көрсетілді

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының алдағы сайлауға және пікірсайысқа қатысты сауалнамасының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына және партиялар пікірсайысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Онлайн сауалнамаға қазақстандықтар сайлауға қатысатын партиялар пікірсайысы барысында тікелей эфирдерде бейнеленген QR-код арқылы өтіп, қатысты.

Сауалнамаға 18 жастан асқан 34 947 респондент қатысты.

Қазақстандықтар сауалнамада «Дауыс беруге барасыз ба?», «Пікірсайыста қай партия өкілінің сөйлеген сөзі Сізге көбірек ұнады?», «Бүгінгі пікірсайыс Сізге қаншалықты қызық болды?» деген сауалдарға жауап берді.

«Дауыс беруге барасыз ба?» сауалына респонденттердің 77,6%-ы «иә» деп жауап берген. «Иә деуге болады» - 12,1%, «өзірге білмеймін» - 9,3%, «жоқ» деуге болады - 0,4%, «жоқ» - 0,6%.

«Пікірсайыста қай партия өкілінің сөйлеген сөзі сізге көбірек ұнады?» деген сауал бойынша «Amanat» партисы - 72,3%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3,7%,  Respublica партиясы - 14,8%, Қазақстан Халық партиясы – 1,3%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 4,3%, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1,1%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 1, 9% пайыз қолдауға ие болды. «Ешқайсы» деп жауап бергендер үлесі - 0,6%-ды құрады.