Астанада 76 құрылыс нысанында ереже бұзылғандықтан жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталғаны айтылды.
«Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line»ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium»ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б.
Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі», делінген хабарламада.