Жол апаты Малайсары батыр көшесінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні үш көлік – МАЗ, автобус және Chery автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан 11-бағыттағы автобустың жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Облыстық жедел жәрдем станциясы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шеккенін хабарлады. Оқиға орнында медициналық апаттар орталығының мамандары жұмыс істеді.
– Зардап шеккен екі адамды медициналық апаттар орталығының мамандары, біреуін жедел жәрдем қызметкері қарап шықты. Олардың үшеуі де № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді станциядағы мамандар.
Үшеуінің жағдайы да орташа дәрежеде. Көбінде ми жарақаты тіркелген.