Жол-көлік оқиғасы кеше Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы оқиға орнында көз жұмды.Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.