• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты

291 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 наурызда солтүстік айналма жолда КамАЗ бен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Бәрі - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы іске қатысты соталды тергеу басталды.