• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мектеп 06 Наурыз, 2023

Ұлттық киімді ұлықтаған мектеп

1134 рет
көрсетілді

Орал қаласындағы Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп оқушылары мен ұстаздары наурыз айы туғалы жаппай ұлттық киім киюге көшті.

– Бұл бастаманың тарихы 2018 жылдан басталады. Сол кезде мектептің бірнеше мұғалімі наурыз айында ұлт­тық киім киіп жүретін. Келе-келе бұған бастауыш сынып оқушылары қосылды. Ал қа­зір мектебімізде білім алып жүр­ген 2 мыңнан аса оқушы, бү­кіл ұстаз ұжымы көктемнің алғашқы күнінен бастап қазақы қамзол-бешпент кие бастайды. Бұл біздің шәкірттеріміздің ата-аналары ерекше қолдаған әдемі дәстүр болды, – дейді мектеп директорының орынбасары Жанна Ғабдықызы.

Расында да, №30 мектепте ата-аналар қауымы ерекше белсенді көрінеді. Мәселен, сыныпта көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасының балалары болса, көмектесіп, демеушілік көрсетіп жібереді екен. Кейбір сыныпқа қамзол мен бешпентті шебер тігінші ананың өзі тігіп берген.

14 наурыз – Батыс Қазақ­станда үлкен-кіші бір-бірімен құшақ жая көрісетін халықтық мереке. Дәл сол күні №30 мек­­­тептің ауласы керемет той­­ға, жайнаған жәрмеңкеге ай­­на­лады. Аулаға қазандық құ­рылып, ұлттық тағамға толы дастарқан жайылады. Бұл да Хиуаз мектебінде бірнеше жылдан бері қалыптасқан дәстүр. «Биыл біздің ата-ана­ларымыз Ұлыстың ұлы кү­ніне орай балаларға арнап ертегі қойылым көрсетпекші. Қазір соған дайындық қызу жүріп жатыр», дейді Жанна Ғабдықызы.

Айта кетейік, Хиуаз мекте­бінің керемет үлгісі бүгінде қаладағы өзге мектептерге де тарай бастаған. Сондай-ақ ша­һар көшелерінде ұлттық на­қышты киімдер киіп, дәстүр мен мәдениетімізді насихаттау­шылар көбейіп келеді.

 

Батыс Қазақстан облысы