АСТАНА. 25 маусым. Қытай Еуразиялық экономикалық одақты өз мүддесіне қайшы ұйым деп есептемейді. IX Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумында Ресей Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының проректоры Александр Лукин осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы CA-News хабарлады
Александр Лукин: «Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің еуразиялық интеграциясын Қытай жағы өз мүддесіне қайшы емес деп есептейді. Керісінше олар үш елдің бірлестігін өздері үшін пайдалы көреді», – деді.
Сондай-ақ, Ресей Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының проректоры Қытай тарапы Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасына Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы барлық мемлекеттер атсалысуы тиіс деген көзқарасты ұстанып отырғанын жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: CA-News.
Фото: Mgimo.ru.