Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр.
Энергетикалық санаты - 11.7. MPV магнитудасы - 5.7. Тереңдігі - 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.