• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 09 Наурыз, 2023

Сабақ кезінде телефон ұстауға заң жүзінде тиым салынуы мүмкін

544 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі оқушылардың сабақта телефон ұстауын шектейтін бұйрық шығармақ. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрық жобасында орта білім беру ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларын балалардың өмірі мен денсаулығы үшін педагогтар мен ата-аналардың жауапкершілігін жүктеу туралы тармақтармен толықтыру көзделген.

«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», деп жазылған бұйрық жобасында.