10 наурызда КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтетін Мәжіліс сайлауы алдындағы кезекті пікірсайысқа қатысатын 7 саяси партияның өкілдері белгілі болды,деп хабарлайды Egemen.kz
Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысады.
Саяси партия өкілдері арасындағы пікірсайыс 10 наурыз күні сағат 21:00-де КТК телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның YouTube, Facebook парақшаларында көрсетіледі.