2022 жылы 83 мыңнан астам қазақстандық жазатайым оқиғалардан сақтану үшін сақтандыру компанияларының қызметіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
2022 жылы «Мемлекеттік аннуитеттік компанисы» мен «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (SAC) жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 1069 қызметкерге 855 млн теңге сомасында ай сайынғы аннуитеттік төлемдерді төлеген.
Бұдан басқа, 27 адам 3,5 млн теңге мөлшерінде қосымша медициналық шығындардың өтемақысын алған.