• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2014

Журналистер құрметке ие

355 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшыларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ, соттардың баспасөз қызметінің мамандарымен кездесті. Аталған іс-шара олардың кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды. «Бұл мереке Қазақстан қоғамы үшін әрқашан зор маңызға ие. Бұл күндері республикамызда түрлі салтанатты және мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Мұндай ықылас бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының қазіргі Қазақстан қоға­мының өмірінде алар айрықша рөлін айқындаумен қатар, олардың зор сұраныс пен құрметке ие екен­дігін дәлелдейді», – деді Қайрат Мәми. Жоғарғы Сот Төрағасы 2013 жылғы қарашада өткен Судья­лар­дың алтыншы съезінде берген Мем­лекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында сот жүйесін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Осы ретте ол қылмыстық, әкімшілік және азаматтық-құқықтық салалар­дағы заңнаманы жетілдіру жұмыс­тарының аяқталуға жақын қалған­дығына айрықша тоқталды. Сот жүйесінің тәуелсіздігі индек­сін арттыру жөніндегі Жол кар­тасы әзірленді. Сот жүйесінің өз ішінде судьяларға негізсіз ық­пал етуді жоюға мүмкіндік бере­тін сот қызметіне мониторинг жүргізудің жаңа әдістемесі қабылданды. Электронды сот ісін жүргізу жаппай қарқынды дамуда. Халық үшін сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында сот жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы әзірленді. Сотқа дейінгі медиация және дауларды шешудің (аралық соттар) баламалы жолдары тәжірибеге кеңінен енгізілуде. Бұқаралық ақпарат құрал­дары­мен өзара байланыс деңгейін одан әрі арттыру – сот жүйесінің алдағы кезеңдегі дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның қоғам өміріндегі алатын маңыздылығын айта келе, Қайрат Мәми кездесуге қатысушыларға сот билігінің имиджін нығайтуға қос­қан үлестері және көрсеткен ақ­па­раттық қолдауы үшін алғыс біл­діріп, оларға Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыстады. «Егемен-ақпарат».