• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 11 Наурыз, 2023

Ескерту жарияланды: Бірнеше өңірде су тасқыны қаупі бар

1081 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 11 наурыздағы деректері бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бұл туралы ТЖ министрлігі хабарлады. 2023 жылдың 12 мен 14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің жоғарылауы күтіледі.

2023 жылдың 12 мен 14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.