Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар арасында сколиозбен ауыратын және көру қабілеті нашар балалар саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурудың алдын алу үшін тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізіледі.
895 мектепке дейінгі мекеме бақылауда, оның 194-і мемлекеттік, 701-і жекеменшік балабақша. Тіркеудегі 72 559 бала тексеруден өтіп отырады.
Тексеру нәтижесінде көп баладан көз аурулары мен сколиоз анықталған. Мониторинг бойынша диспансерлік есепте 3518 бала тіркелген.