• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2014

Көлікте де көп мәселе бар

482 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан автокөлік форумы шеңберінде көтерілген қазақстандық автокөлік сала­сын­­­дағы мәселелердің бір парасы отан­дық көлік өндірісінің дамуы мен жобаларына арналды. Сонымен қа­тар, көлік қалдығы индустриясын да­мы­туға 78 млрд.теңге қажеттігі айтылды. Қазақстан автокөлік бизнесі ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьевтің пікірінше, елдегі автокөлік саласының ішкі рыногына жүргізілген зерттеулер нәтижесі биыл 6 млрд. долларға 300 мың су жаңа көлік сатылуы мүмкіндігін көрсеткен. Оның ішінде, отандық өнімнің үлесі 40 пайызды құрамақ. ҚАБА басшысы А.Лаврентьев отандық автоөндірістегі мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселесі басымдыққа ие болып отырғандығын жеткізді. ЕАЭО шеңберінде де автокөлік саласында атқарылар іс жеткілікті. Атап айтқанда, қауіпсіздік және экология мәселесі, өндіріс қалдығын кәдеге жарату ағымдағы мәселеден гөрі жүгі ауырлау мәселе болып отыр. Сол себепті, автокөлік утилизация­сы индустриясын құру мәселесі әлі де өзектілігін жоймаған. Осы мәселеге байланысты әзірленген тұжырымдама Қоршаған орта және су ресурстары мен Индустрия және жаңа технологиялар министрліктеріне ұсынылған. ПРЭКО компания­сының есептеуінше, бұл саланы құру 78 млрд.теңгені қажет етіп, 5 жылды қамтуы мүмкін. Яғни, еліміздегі автокөліктерді жаңарту әрі қоршаған ортаны қорғау мақсатында тезірек қолға алынуы қажетті шаралардың бірі осы болмақ. «Ескі-құсқы көлік» дегенде, еске оралатыны жылда көтерілетін техникалық байқау мәселесі екені анық. Елде І тоқсан бойынша 58 мың дана автокөлік техникалық байқаудан өтпей қалған. Оның 52 мыңы жеңіл көлік, 3 мыңы жүк, қалған 2,5 мыңы автобус екен. Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл көліктер алғашқы сын­да өтпей қалған. Жалпы, 2014 жылдың 1 наурызына дейін елімізде  3 млн. 657,2 мың жеңіл көлік тір­келген. Ал өткен жылдың статис­тикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның 7 өңіріндегі автопарк­тің 90 пайызының «жасы» 7 жылдан асқан автокөліктер екен. 2013 жылы елге кіргізілген жеңіл көліктердің саны 202,5 мыңға артса да, оның 156,5 мыңы ескі автокөліктер болып шыққан. Жалпы, Қазақстан бойынша автокөліктердің 87 пайызы ескі, ­зау­ыт­тан шыққанына 7 жылдан ас­қан көліктер. Ал қолданыстағы соң­ғы шыққан автокөліктер саны Аты­рау облысында басым. Атыраудан кейінгі орындағы Маңғыстау облысы мен Астана қаласындағы жеңіл автокөліктер өзге қалалардағы көліктерге қарағанда әлдеқайда «жас» екен. Ал «жасы ұлғайған» автокөліктер шоғыры Жамбыл және Алматы облыстарында жиі кездеседі. Бұл облыстардағы зауыттан шыққанына 7 жыл өткен жеңіл көліктердің саны қарайлас, 95 және 94 пайызды құрайды. Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».