• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 15 Наурыз, 2023

Бали аралында туристерге мопедпен жүруге тыйым салынды

290 рет
көрсетілді

Индонезияның Бали аралының билігі туристерге мопедпен жүруге тыйым салды. Бұл туралы губернатор Ваян Костер мәлімдеді, деп хабарлады Egemen.kz.

Аралдағы ең танымал көлік түрін ресми жалға алу бұдан былай шетелдіктер үшін қолжетімді болмайды.

Ваян Костердің айтуынша, аралда бірқатар апат тіркелді. Олардың кейбірі өліммен аяқталды. Жол-көлік оқиғасы туристердің көлікті абайсыз басқаруы салдарынан болған.

Жаңа тыйымды бұзғаны үшін туристер визадан айырылуы мүмкін. Арал билігі шетелдіктерге туристік қызмет дайындаған және барлық стандартқа сай көлік түрлерін ғана пайдалануды ұсынды.