Кейінгі күндері доллар бағамы күрт өсті. Бүгін ақша айырбастау орындарында америкалық валюта бағамы 470 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz kurs.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін доллардың ресми бағамы 458,22 теңге болып белгіленген.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында бір долларды 466 теңгеге сатып алуға болады, ал сату 470 теңгеге жеткен. Еуро да қымбаттап барады. Бүгінде жеке ақша алмастырғыштардағы сатылым 505 теңгеге жетеді. Қазақстанда басқа валюталармен бірге рубль де қымбаттады. Қазірдің өзінде 6,2 теңгеден сатылып жатыр.Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларға қатысты жағдай біршама жақсырақ, орташа есеппен сатып алу 469 теңге деңгейінде. Америкалық валютаны арзанырақ – орташа есеппен 464-465 теңгеге сатуға болады.
Бірақ Алматыда еуро қымбатырақ сатылып жатыр, оның бағасы 506 теңгеге дейін көтерілген.