• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2014

Съезд қорытындыларын баяндады

216 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен кезекті брифинг­ке Ұлттық кәсіпкерлер палата­сы­ның басқарма төрағасы Абылай Мыр­захметов келіп, елордада өт­кен пала­таның І Съезінің қоры­тын­дылары жайында айтып берді. «Съезд құрылтайлық кезеңнің қорытындысын шығарды деп айтуға болады. Барлық органдар құрылып, білікті штаб жасақталды. Съезд де­легаттары біздің алдағы үш жыл­ға арналған стратегиямызды бекіт­ті», – деді Ұлттық кәсіпкерлер палата­сы­ның басқарма төрағасы А.Мыр­захметов. Жалпы 232 делегат сайланса, оның 50 пайызы өңірлер мен Астана, Алматы қалаларының өкілдері. Қалған жартысын аккредиттелген салалар мен салааралық республикалық қауымдастықтар ұсыныпты. ҰКП құрылған сәттен бастап Палата 10 мыңнан астам өтініштер мен хаттарды қарастырып шыққан. Оның ішінде 1770-тен астамы нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама өткізуге сұранымынан тұрған. Мемлекеттік органдарға ҰКП-дан 1671 сараптамалық қорытынды жол­данған. Ұлттық палата бизнеске прак­ти­калық көмек те көрсетуде. Орта­лық аппаратында да, өңірлерде де Кә­сіпкерлер құқығын қорғау жөнін­дегі кеңестер құрылған. Күн сайын консультация сұрап қоңырау ша­луға болатын call-center әрекет етеді. Палата құрылған кезден бері биз­несті қорғау желісі бойынша екі мыңнан астам өтініш тіркелген. Кә­сіпкерлер мәселесін шешудің бірың­ғай тізілімі мен оларды шешу кар­­талары іске қосылған. Оған биз­нес­тің 416 жүйелік проблемасы енгізілген. Елбасы тапсырмалары бойынша Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларының жоспары жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін Мем­лекет басшысының тапсырмасы бой­­ын­ша кәсіпкерлікті дамыту және қол­даудың бірыңғай бағдарламасы әзірленбек. Съезд 2017 жылға дейінгі Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының Қа­лып­тасу және даму стратегиясына ұсынылған ұстанымдарды ма­құлдады. Палатаның негізгі ұзақ мерзімді мақсаты болып 2030 жылға қарай экономикадағы ШОБ үлесін кем дегенде 40 пайыз деңгейінде өсіруге жәрдемдесу анықталды. 2017 жылға қарай ҰКП кәсіпкерлік бастамасының өсуін қамтамасыз етуді және отандық экономиканы дамытуға бизнестің күші мен инвес­тициясын бағыттауды жоспарлап отыр. ҰКП Стратегиясы палата сайтында орналастырылған. Съезд қорытындылары бойынша Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірқатар министрліктерге ҰКП-мен бірлесіп ауылдық кәсіпкерлер үшін кредиттердің қолжетімділігі мәселелерін шешу, мемлекеттік органдардың ҰКП-мен өзара әрекеттестігінің үлгілік реттемесін дайындау, ҰКП-де аккредиттеуден өткен қауымдастықтарды салалық зерттеулер жүргізу және стандарттар, реттемелер жасау үдерісіне тарту мүмкіндігі бойынша ұсыныстар енгізу мен даярлау жөнінде тапсырма беріпті. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Ұлттық палата ресурстарын өңірлердегі іскерлік ахуалдарды бағамдауға және Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама даярлауға тұрақты негізде тартуды ұсыныпты. Айта кетейік, съездің бірауыздан қабылданған шешімімен палатаның төралқа төрағасы болып Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма төрағасы болып Абылай Мырзахметов қайта сайланған болатын. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».