• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 16 Наурыз, 2023

Экобелсенділер Джо Байденді сотқа берді

267 рет
көрсетілді

Байденнің Аляскада мұнай өндіруге рұқсат беру туралы шешімі экологтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше экологиялық ұйым Байден әкімшілігінің Алясканың солтүстік-батысында жүзеге асырылатын Willow oil жобасын мақұлдау туралы шешіміне қарсы шағым түсірді.

Есептеулерге сәйкес, мұнай өндіру шамамен 600 миллион баррельді құрайды, ал парниктік газдар шығарындылары жылына 280 миллион тоннаны құрайды.

Ұйым өкілдері жоспарланған құрылыс судың, ауаның сапасына, сондай-ақ аймақтағы адамдар мен жануарлардың өміріне кері әсер ететінін алға тартып отыр.

Эко-белсенділер мұндай жобаны мақұлдау төрт экологиялық заңды бұзатынын атап өтті.