• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Наурыз, 2023

Тынық мұхитында 7 баллдық жер сілкінісі тіркелді

284 рет
көрсетілді

Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландияның Кермадек архипелагында 7 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz АҚШ Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері Тонга Корольдігіндегі Охонуа елді мекенінен 983 шақырым қашықтықта болды, онда 1,2 мың адам тұрады. Сейсмологтардың айтуынша, ошақ 22 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге құрбандар мен қираған нысандар туралы өзге дерек жоқ.

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесі сұрапыл толқын қаупін жариялады.