• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Дін 16 Наурыз, 2023

Діндер съезінің маңызы талқыланды

218 рет
көрсетілді

Түркістандық жастар бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам, сондай-ақ конфессияаралық диалог құрудың бірегей қазақстандық моделімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тео­логия факультетінің магистранттары мен студенттеріне Н.Назарбаев Кон­фессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығының төрағасы Болат Сәрсенбаев «Діндер съезінің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында Болат Серғазыұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы­л­а­рының VII съезі мен оның қорытынды декларациясының негізгі хабарламалары іс-шараның нәтижелері туралы әңгімеледі. Съезд шеңберінде қабыл­данған, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қол қойған, қорытынды құжат саналатын декларация­ның міндеттерін жүзеге асыру, идеяларын одан әрі ілгерілету маңызды екені айтылды.

«Әлем халықтарының бейбіт өмірі үшін әрбір адам өз үлесін қосуы керек. Сіздер таңдаған дінтану, теология және исламтану мамандықтары – бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі ең сұ­ранысқа ие мамандық. Бұл мамандық сіздерге әлемдегі болып жатқан хаос­тарды тоқтататын, әрбір адамның жүре­гіне жол тауып, сөнген үмітті жағатын, үзілген үмітті жалғайтын мол жауап­кершілік жүктейді. Рухани һәм тарихи-мәдени құбылыстарды жете меңгеріп, адам болмысының әр-қырына үңілетін дінтану-теология саласының мамандарынан мемлекет үлкен үміт күтеді.

Қоғамның әрбір өкілінің жүрегіне ертеңгі күнге деген үлкен сенімге жетелейтін, дұрыс бағыт көрсетуге тиіс те осы саланың мамандары. Сондықтан аталған саланың мамандары төл тарихымызды терең білуі керек. Еліміздің тарихы өте бай, оны үнемі оқып, үйренуден жалықпауымыз керек. Тарихтан сабақ алып, болашақтың игі кәдесіне жарата білуіміз керек. Сіздерден туған өлкенің дін тарихын, салты мен дәстүр ерекшелігін, ұлттық құндылықтарымыздың қалыптасу кезеңдері, танымдық ерекшеліктеріміз сияқты құбылыстарды бағамдай алатын мамандар шығады деп үміттенеміз», деді Болат Серғазыұлы.

Сондай-ақ орталық төрағасы өзі басқарып отырған дамыту орталығының қызметтері жөнінде, оның мақсат-міндеттерін, атқарылған маңызды жұ­мыс­тары туралы мәліметтер берді. Студенттер мен магистранттарға Н.На­зарбаев Кон­фессияаралық және өрке­ниетаралық диалогті дамыту орталы­ғы мен Ахмет Ясауи университеті ара­сындағы меморандум аясында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін пайдалануды ұсынды.

Кездесуден соң қонақтар теоло­гия факультеті студенттеріннің ұйым­дас­тыруымен өтіп жатқан «Наурыз көже» акциясына қатысты.

 

ТҮРКІСТАН