Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде Қытай мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық орталығы» АҚ сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 18 наурызда Алматы уақыты бойынша 00:19-да тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде Қытай мен Тәжікстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.
MPV магнитудасы – 4,6.
Эпицентр координаттары 38,12° солтүстік 74,58° шығыс.
Тереңдігі – 20 км.