Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттары тексерілді.
Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.