• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2023

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

319 рет
көрсетілді

Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін», деді қарт анамыз.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудан бойынша 26 мыңнан астам сайлаушы дауыс бермек.