• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Наурыз, 2023

Жаңа Парламентте кімнің болатынын халық шешеді - Ерлан Қошанов

209 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Астана қаласындағы Қонаев көшесі, 6-үйде орналасқан №110 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ерлан Қошановтың айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халық белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Бұл ретте ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді. Дауыс беру барысын бақылаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар бақылайды.

«Мәжіліс төрағасының кім болатынын сайланған депутаттар шешеді. Жаңа Парламентте кімнің болатынын халық шешеді», деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғындардың не туралы жиі шағымданатынын айтты.

«Олар жақсырақ өмір сүргісі келеді. Бізге қойылған сұрақтардың көпшілігі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Менің бұған көзім жетті, бұл жолдар, сумен қамтамасыз ету, көптеген қарапайым тұрмыстық мәселелер», деп қосты ол.

Бұған дейін хабарланғандай, республика бойынша барлық 10 146 сайлау учаскесі және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктеріндегі 18 сайлау учаскесі дауыс беруді бастады. Шетелдегі 59 сайлау учаскесі уақыт белдеуіндегі айырмашылықты ескере отырып, дауыс беруді енді бастайды.