• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Наурыз, 2023

Алматыда актер Байғали Есенәлиев дауыс берді

288 рет
көрсетілді

Өнер тұлғасы қалалық №542 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды науқан екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сайлаудың жауапкершілігі үлкен. Осыған дейін де бұндай науқандарға қатыстық. Бастысы қоғам жаңарса екен деген ниетіміз бар. Бұл жолы көптеген игі өзгеріс болатын сияқты. Әсіресе халық ішінен шыққан тұлғаларды байқаймыз. Қарапайым жұрттың арасынан депутат шыққаны жөн. Сайлаушылардың басым бөлігінің дауысын жинап, халық сайлаған депутат атанса, одан асқан бақ болмас.

Елдің ішінде жүргендер халықтың мұң-мұқтажын біледі. Нағыз ел-жұртының жағдайын жасай алатын, сайлауалды бағдарламасына сәйкес іс қылатын азамат сайланса деген ізгі тілегіміз бар.

Сайлауға ұдайы қатысамыз. Өз таңдауымызды жасадық. Біз тіркелген №542 учаске екен. Жалпы әлеуметтік желіде, оның ішінде Фейсбукте ой-пікірімізді жиі жазып жатамыз. Сан түрлі ойлар қозғалады. Бір нәрсе анық. Егер өзіміз сайлау пунктіне бас сұғып, көңілге ұнаған, бағдарламасы жақсы үміткерге даусымызды берсек, сең қозғалары анық. Сонда ғана әрбіріміз өз таңдауымызды жасаймыз», деп Байғали Есенәлиев ой бөлісті.