Қазалы қаласында тұратын үшемдер Дариға, Әлия, Динара Шәкірлер саяси науқанда сайлау учаскесіне алғашқылар қатарында келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс берген үшемдер әрбір саяси науқанда міндетті түрде бірге келіп дауыс беретіндерін айтады. Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс берген үшемдер әрбір саяси науқанда міндетті түрде бірге келіп дауыс беретіндерін айтады.
«Біздің таңдауымыз ел дамуына қосқан үлесіміз деп білеміз», дейді үшемдер.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Арман Мұсаев үшемдерге арнайы сый-сияпат тапсырды.