• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Наурыз, 2023

Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді

303 рет
көрсетілді

Шет мемлекеттерде жүрген мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кезектен тыс Парламент депутаттарын сайлау аяқталуға жақын. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сайлауды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге мүдделі бола отырып, оған қатысуға халықаралық байқаушыларды шақырды. 12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысып жатыр. Астана мен Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр», деді министр орынбасары Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін 62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесінің ашылғанын атап өтті. Оларда 12 016 адам дауыс беруі тиіс.

«Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір де жұмыс істеп жатқан учаскелерде шамамен 5 мың Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл 42 пайызды құрайды. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады»,  деді Роман Василенко.