• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Наурыз, 2023

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласымен жекпе-жек өткізетін күні белгілі болды

3870 рет
көрсетілді

WBO нұсқасы бойынша Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 13 мамырда Канадалық Стивен Батлерге қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекте титулын қорғайды.

Батлер WBO рейтингінде алтыншы орында. Ал бұрынғы орта салмақтағы чемпион Лиам Смит WBO бойынша №1 рейтингке үміткер. Бірақ келісімшарт бойынша британдық боксшы Крис Эубанкпен тез арада реванш өткізуге міндетті. Сондықтан Лиам әзірге 29 жастағы Әлімханұлымен күресе алмайды.

Ал Жәнібек Әлімханұлының Канадалық боксшы Стивен Батлермен жекпе-жегі 13 мамырда өтеді.