• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Наурыз, 2023

Астанада жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

857 рет
көрсетілді

Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысып, апат болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып қалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Үш көлік – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша, соталды тергеу амалдары басталды», делінген хабарламада.

Астана қаласының ПД өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.