Талдықорғанда жалға алынған пәтерде уақытша тұрып жатқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктіден есірткінің екі пакеті табылды. Ал тұрғылықты жерінен «синтетиканың» барлық партиясы, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған арнайы пакеттер тәркіленді. Қазір есірткінің қайдан алынғаны және іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасы қолданылды.