• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2023

Жылы лебіздер легі

312 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев құттықтау жедел­хатында ежелден бастау ала­тын Наурыз мейрамының фило­софиялық мән-мазмұнында қазақ пен өзбек халықтарына ортақ әдет-ғұрыптар мен құнды­лық­тар көрініс тап­қанын атап өтіп, екі халық та бұл мерекені зор үміт­пен қарсы алатынын айтқан.

«Өзара тату, көршілес елдер ретінде арамыздағы ынтымақ­тас­тық екі халықтың мүддесіне сай дами түсетініне сенімдімін. Жоғары деңгейдегі байланыстар­ды одан әрі жандандырып, стра­тегиялық серіктестігі­міз бен одақ­­тастық қарым-қатына­сы­мыз­­ды нығайта түсуге мүмкін­ді­гі­міз мол», деп жазыл­ған жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің жеделха­тында жыл басы саналатын әрі ынтымақ-бірлікке шақыра­тын Нау­рыз мейрамында бауырлас қа­зақ халқына бақ-береке тіледі.

«Осы жыл біздің елдеріміз үшін даму жылы болады деп ойлаймын. Ортақ рухани құндылықтар мен достыққа, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген жан-жақты қарым-қатынасымыз ортақ күш-жігеріміздің арқасында жүйелі түрде дами беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбіт өмір мен игілік тіледі.

«Наурыз мейрамының мызғы­мас құндылықтарын ту еткен елдері­міз стратегиялық серіктестік аясын­да достық қатынастарымызды және өзара тиімді ынтымақтасты­ғы­мыз­ды одан әрі нығайта түсе­ті­ніне сенімдімін», – деп жазыл­ған Тәжік­стан Прези­денті Э.Рахмонның құт­тықтауында.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өзінің құттықтау жеделхатында Наурыз халықтарымыздың әлемдік мәдениетке қосқан құнды үлесі деп атап өтті.

«Бұл мереке – өзара түсіністік, достық пен ынтымақтастықтың белгісі. Біздің халықтарымыздың еркімен қазақ–әзербайжан достық қарым-қатынасы мен серік­тестігін сақтау және нығайту жолында бірлес­кен күш-жігерімізді жал­ғастырамыз деп сенемін», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Грузия Президенті Саломе Зурабиш­вили және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау жеделхаттарын жолдады. Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.