Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова 2023 жылы Нью-Делиде (Үндістан) өтетін әлем чемпионатында үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық кездесуде Ибрагимованың қарсыласы Венесуэла спортшысы Омайлин Алкала болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жеткен қазақ боксшысы ең мықты болып шықты. Ол жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.
Еске салайық, 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында өткен жекпе-жектерінде Карина Ибрагимова екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.
Нью-Делиде өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі) түрік Эриван Барутты жеңді.