Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.