• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2023

Кахраманмарашта тағы да жер сілкінді

156 рет
көрсетілді

Түркияның Кахраманмараш провинциясында бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:39-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.

AFAD мәліметінше, зілзаланың магнитудасы - 4,5. Ошағы Кахраманмараш провинциясының Экинозюде елді мекенінде орналасқан. Эпицентрі 7 шақырым тереңдікте жатты.

Еске сала кетейік, Кахраманмарашта бұған дейін 21 наурызда 4,1 магнитудалы, 23 наурызда 4,3 және 5,3, 24 наурызда 4,7 магнитудасымен жер сілкіністері тіркелген еді.