Үндістанның Нью-Дели қаласында бүгін бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан боксшысы Ләззат Күнгейбаева Марокко өкілі Марди Хадиджамен рингке шығады. Олар Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда ең соңғы жұп болып өнер көрсетеді. Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
М.Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері 2022 жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында әзірге 1 күміс, 4 қола медаль бар.