• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Наурыз, 2023

Жатақхана мәселесі шешіледі

445 рет
көрсетілді

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың, ал 2030 жылға дейін 20 мың орынға арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Байтұрсынұлы көшесі, 22 мекенжайында студенттік жатақ­ханалар құрылысының жобалық офисі ашылды.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бектің оңтүстік астанаға сапары барысында орын жетіспеу­шілігіне қатысты мәселелер тал­қыланған болатын. Сол сапарда мәселені реттеудің бір жолы ретінде министр мен қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев арнайы меморандумға қол қой­ды. Кездесуде Саясат Нұрбек «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз студенттер үшін жатақханалар салу жұ­мысын бастап кеттік. Халық ең тығыз орналасқан қала – Ал­матыда жобалық кеңсе өз есігін ашты, енді осындай кеңселерді жатақханаларға қажеттілігі бар басқа қалаларда, атап айтқанда, Астана, Ақтөбе және Шымкентте ашуды жоспарлап отырмыз», деді.

Қазіргі кезде Алматы қала­сындағы студенттік жатақ­ханаларда 32 мың орын жетіс­пейді. Құрылыс жұмыстары осы жылы Satbayev University сту­денттері үшін 2 жаңа жатақхана салудан басталады. Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сту­денттері үшін 140 орындық жатақ­хана салу көзделіп отыр.

Жобалық кеңсе Алматы қа­ласының аумағында жатақ­ханалар салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, қала әкімдігі мен Қаржы орталығы тарапынан тұрғын үй салуға мүдделі жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көр­сету мақсатында ашылды. Онда министрліктің, Қаржы орта­лығының және әкімдіктің түрлі басқармаларының өкілдері күн­делікті Халыққа қызмет көр­сету орталығы режімінде уни­вер­ситеттер, құрылыс компа­нияларының өкілдері мен мер­дігерлерге кеңес береді. Бүгінгі таңда жобалық кеңсе базасында 50 инвестор тіркелген. Олардың бесеуі түрлі бағытта жұмыс істейтін болады.

 

АЛМАТЫ