Түркістан облысының № 1 облыстық перзетханасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2260 грамм, 1570 грамм және 995 грамм болды.
Шала туылған үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Үшем дүниеге келген отбасында тағы екі ұл бар.