Көк аспанды бағындыру үстіндегі жастар талпынысы ізденіс пен білімді ұштастыра білді
Балқаш маңындағы авиация оқу-жаттығу орталығында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты 3-курс студенттерінің ұшу тағылымдамасы аяқталды.
Бір ерекшелігі болашақ авиаторлар ұшақты басқару техникасынан, навигациядан, жауынгерлік қолданудан, қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшу-тактикалық және ұшу-әдістемелік даярлық оқу-жаттығу ұшу даярлығы бағдарламасын толық орындай алды. Курсанттар авиациялық орталық тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен оқу материалдық табысты меңгеріп, ұшу-нұсқаушылар құрамына өздерінің машықтану деңгейі мен білімдерін көрсете білді.
Ұшу-тәжірибелік курсын қорыта келе біріккен эскадрильяның командирі 3-сыныпты ұшқыш майор Ермек Сейдахметов: «тек қажырлы еңбек пен жарғылық талап, ұшу шеберлігін зерделеудегі ынта-жігер ғана ұшу ісіндегі табыстың негізі болып табылады», – деп атап өтті.
«Егемен-ақпарат».