• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Наурыз, 2023

Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды

399 рет
көрсетілді

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған, ал депутаттар қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Ол сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» партиясы сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы Amanat партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.