• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Наурыз, 2023

Астана мәслихатында комиссия төрағалары сайланды

267 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласының жаңадан сайланған VIII шақырылымдағы мәслихат депутаттарының алғашқы сессиясының отырысында төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды, деп хабарлады Egemen.kz.

Жаңадан сайланған депутаттарды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.

«Елорда мәслихаты депутаттарының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Астанада 1 миллион 300 мыңнан астам адам тұрады. Қалада су тапшылығы байқалады, тағы да басқа қордаланған мәселелер бар. Алдағы уақытта соларды бірлесіп шешеміз деген ниеттемін. Тұрғындардың саны өскен сайын қалада балабақша мен мектеп жетіспеушілігі байқалады. Қала тұрғындарының сенімін ақтау керек. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттер жүктеді, сол тапсырмаларды ортақ орындауда біздің де қосатын үлесіміз зор», деді әкім.

Әрі қарай депутаттар сессияның күн тәртібін қарастыруға кірісті. Мәслихатшылар тұрақты комиссиялардың құрамы мен олардың төрағаларын тағайындады.

Азамат Айтқожин Заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болса, Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Кендебай Адамбеков сайланды. Құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссияға Владислав Сергеев, ал Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссияға Асқар Смағұлов төрағалық етеді. Сондай-ақ Берік Жәкенов Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды.

Елорда мәслихатының құрамында 34 депутат, Amanat партиясында 12 мандат, ҚХП партиясында және Baytaq қазақстандық жасылдар партиясында бір мандат және «Ақ жол» партиясында үш мандат бар. Тағы 17 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды. Жаңа мәслихат құрамында 25 ер адам және 9 әйел бар. Ең жас депутат – 22 жаста, ең үлкені – 63 жаста. Депутаттардың орташа жасы – 46 жас.