• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2014

Жас офицерлер

463 рет
көрсетілді

Жуырда Әскери институтты табысты аяқта­ған жас мамандар Қазақстан Респуб­­­­­­лика­сы Қарулы Күштерінің сапына жас лейтенанттар легін қосты. Институтты бітірушілер кешінде сөз алған аға буын өкілдері жастарға өмірден түйген тәжірибелерін үйрете отырып, оқуда озаттар қатарынан табылғандарына ризашы­лықтарын білдіре табыс тіледі. Ардагерлер қай істе де біліктілік көрсете білетіндеріне ерекше қанаттандыра, игерген мамандықтарының қыр-сырын ұштап, мол білімнің арқасында өршіл жастардың мамандықтарын қажырлы игеретініне үлкен сенім артып, табыс тіледі. Бі­тірушілер арасында 20 шәкіртке «Әскери оқу ор­нын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі тап­сырылды. Олардың арасында оқу үздіктері Е.Сүйішбеков, Б.Жалил, А.Қуатов, В.Лейман, Ж.Құр­манғалиев секілді жас офицерлер бар. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар