Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаладағы жағдайды бақылау үшін Алматы полицейлері 131 мыңнан астам бейнебақылау камераларын қолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның 18 мыңнан астамы ПД Жедел басқару орталығына шығады.
«Бұл камералар бізге көшедегі қылмыстың алдын алуда және жасалған қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға ғана емес, сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіруге, қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауға жедел әрекет ету үшін айтарлықтай көмектеседі. Сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 3646 қылмыс ашылды. Біз барлық камераларды көруге қалай үлгереміз? Түсіндіремін, қаланың негізгі магистральдары мен стратегиялық аймақтарының камералары ЖБО-ның негізгі панелінде көрсетіледі, ал қалған камераларды онлайн режимде көріп отырамыз», деді Арыстанғани Заппаров.