1 сәуір күні сағат 8-де Алматы - Көкпек-Көктал тас жолында Audi маркалы екі көлік соқтығысты, апат салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Audi-100 батыс бағытта Алматыға қарай жылжып келе жатқан, Audi C4 автокөлігі шығыс бағытымен Шонжыға қарай жүрді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi-100 жүргізушісі тізгін басында ұйықтап қалып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Басқа Audi жүргізушісі көліктің оған қарай келе жатқанын кеш байқады.
Қатты соққының нәтижесінде Audi-100 кері бағытта бұрылды, ал екінші көлік кюветке түсіп, бірнеше рет аударылды.
Апат салдарынан Audi C4 жүргізушісі қайтыс болды, 4 жолаушы зардап шекті, олардың біреуі ауыр жағдайда. Audi-100 көлігінде болған адамдардың барлығы қайтыс болды. Онда 4 адамнан тұратын отбасы, сондай-ақ екі жасар бала болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ЕҚДБ-да тіркелген.
Қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіледі.