Албанияда өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан медальдардың жалпы саны бойынша 1-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Ең жоғары дәрежелі медальдарды 73 келі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта ешкімге тең келмеген Никита Әбдірахманов жеңіп алды. Екі спортшы да жұлқа көтеруде, серпе көтеруде және жалпы есепте алтыннан алқа тақты. Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.
«Мен жігіттерді және барша қазақстандық жанкүйерлерді осы жетістікпен құттықтаймын. Жас зілтеміршілерімізге алдағы уақытта да табыстар мен жарқын жаңа жеңістер тілеймін. Ұлттық ауыр атлетика мектебі Қазақстанға жаңа чемпиондарды сыйлап келе жатқан жаттықтырушыларға ерекше алғыс айтамыз», деп жазды министр.