• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 04 Сәуір, 2023

Алматыда тағы да жер сілкінді

3700 рет
көрсетілді

Сейсмологтар таңғы сағат 07:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болды.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.MPV магнитудасы – 4,3. Эпицентр координаттары – 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай. Тереңдігі – 5 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісінің 4 сәуір күні таңғы сағат 07:26-да  тіркелгенін мәлімдеді.