Қазақстандық сейсмологтар Қытайда 4,8 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2023 жылғы 5 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 07:37-де Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді», делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.