• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ғылым 05 Сәуір, 2023

Қазақстандық астрофизиктер гамма-сәуленің жарылуын тіркеді

544 рет
көрсетілді

Қазақстандық астрофизиктер NASA спутниктерін басып озып, әлемде бірінші болып гамма-сәуленің жарылуын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ассы-Түрген астрофизикалық обсерваториясына қарасты Назарбаев Университетінің телескопы 2023 жылдың 28 наурызына қараған түні гамма-сәулелерінің жарылысы деп аталатын ғарыштық оқиғаға бірегей және инновациялық бақылау жасады.   Гамма-сәулелік жарылыс – бұл ғаламда болатын ең жарқын электромагниттік жаңалық.   Халықаралық ғылыми қоғамдастықтың ондаған жылдар бойғы күш-жігеріне қарамастан, олардың нақты табиғаты мен параметрлері әлі белгісіз. Қазақстандық астрофизиктер әлемде бірінші болып гамма-сәуленің жарылуын тіркеп, 41 секундтан 30 минутқа дейінгі жарықтан кейінгі жарқырау туралы ең алғашқы мәліметтерді алды. Ғарыштық орбитадағы NASA телескопы 110 секундтан кейін ғана жарық «автошогын» бақылай бастаған.