• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2023

Алматы орталығындағы дәмхананың жазғы алаңы сүрілді

276 рет
көрсетілді

Алматыда Lova Kitchen дәмханасының заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы сүрілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар Төле би даңғылындағы Lova Kitchen дәмханасына қатысты өтініш білдірген еді. Алматы МСҚБ бұл ғимаратты тексеріп, олардың жазғы террасасы заңсыз жерде орналасқанын анықтады. Анықталғандай, қосалқы құрылыс жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігін алып жатыр.

Мекеме иелері Әкімшілік кодекстің 316, 321 және 323-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ «Қамқор-Центр» ЖШС мердігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 319-бабы «Жерге құқықсыз заңсыз құрылыс» бойынша шаралар қабылданды. Сот компаниядан айыппұл өндіріп алып, оны нысанды бұзуға міндеттеді. Меншік иесі бұл шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ қалалық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

Заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу бүгін басталды.